Ел таныған Назым...
– Назым, неге атап айтқанда боксты таңдадыныз?
– Мектепте оқыған кезімде үлдармен бірге футбол, баскетбол, волейбол ойндарың көп ойнайтыңмын. Біздің Шаңырақ ауылында спорт секциясы ашылған кезде, алдымен баскетболға жазыламын деген ой болды, содан біраз ойландым да бокска барып көрейін деген шешімге келдім. Себебі, баскетбол командалық ойын, ал мен жеке спорт тұрімен айналысқанды жөн санадым. Осы секцияға қатысып жүргенімде физикалық тұрғыдаң емтихан болды. Турник, жұгіру жағынан ешқандай қиындық болмағандықтаң қазіргі жаттықтырушының көзіне түсіп, өзіне шақырған бойда үсынысын қабыл алдым. Содан бері тыным таппай жаттығуды бастап, арада небәрі 5 ай өткенде жастар арасындағы Қазақстан чемпионатын женіп алдым.
– Назым өте талантты қыз, керек десен баскетбол ойынында допты алыстан еш қиындықсыз лақтырып бере алады, футболды да жақсы ойнайды – деп бас бапкер Жұмабек Өмірзақов әнгімесін бастады. Бірақ, оның таңдағаны бокс болды. Норматив кезінде ақ, көптеген жаттығуларға икемі бар екенін аңғарған едім. Әрине, алғашқы 5 ай бойы тер төгуге тура келді. Мәселен, қолға тіреніп тұру. Құрдастары оған қарап кұлген кездері де болды. Өте қатал болдым, дауыс көтерген кездерім аз емес. Бірақ, өздеріңіз көріп отырғандай, нәтижесі жаман емес. 16 жастан бастап көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, ақыры әлем чемпионатың ұтып алдық.
– Спорт тұрін тандау әрине оңай емес, бокска баруға басқа қандай себептер болды?
– 2008 жылы Олимпиада ойындарында өздерінізге мәлім біздің боксшылар, және Илья Ильин алтын алған кезде, әке-шешем, туған-туысқандарым қатты қуанып еді. Мүмкін содан болар. осындай жастар еліміздің абыройын қорғап жатқанда, менің де жеңімпаз атаңғым келеді деген бір сезім жанымды елеткен еді.
– Бокспен ғана шектелмей басқа да қырларымен танылып жүрген спортшы қыз, бос уақытын қалай өткізеді?
– Бос уақытымды құрбы-құрдастарыммен жиі өткіземін. Рано Пархатова, Ақерке Құсайынова, Аян Тұрсын есімді достарым бар, оларда бокс, таэквондо спорт тұрлерімен шұғылданатындарың ескере кетсем артық болмас. Бәріміз бірге тұрып, бірлесіп дайындаламыз. Ал, жаттығудан тыс уақытымызда, футбол ойнап, караоке, киноларға барып көніл көтереміз. Демалыс күндерімізді көбіне әке-шешмізбен, туған-туысқандарымызбен өткізуге тырысамыз.
– Ән жағына бет бүратын болсақ, жақында халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында сахнада өнер көрсеткен едіңіз...
– Бізге бір қыз екеуімізге аналармызыға арнап ән айтындар деген үсыныспен қонырау шалды. Ақылдаса келе Ерболат Құдайбергеновтың "Біздің жігіттер" атты, әнін "біздің аналар" деп сөзін өзгертіп айтамыз деген шешімге келдік, содан ол өленнің минустық нұсқасы болмағандықтаң, "Анашым" деген әнді айтуға тура келді. Дайындықсыз орындап бердік. Артынша видеомызды көріп, жақсы орындағанымзға қуанып қалдық.
– Жалпы жеке өміріңіз жайлы баяндап берсеңіз...
– Ірі турнирде жеңімпаз атанған кезімнен бастап әлеуметтік желідегі достарымның саны көбеймесе, артылмады. Тең жартысы, жауап қайтармағандықтаң наразылықтарын да білдіре бастады. Оған деген бір себеп, уақытымнын өте тығыздығынан көптеген адамдардын хабарламаларын жауапсыз қалдыруға мәжбүр болам. Өз басым инстаграм желісіне жиі кіремін, суретімді салған бойда, көптеген комментарилерді оқып тіпті, жазылушыларымның өзара араздасып жатқан кездері де болды. Әрине, ол мен үшін өте қуанышты жайт, мені қолдап, назар аударып жүрген достарыма, қастерлеушілеріме мың алғыс. Ал сүйген адамым туралы айтатын болсам, ол туралы әлі ойламадым, өйткені мен үшін бірінші орында әзірше спорт тұр.
– Жақында Ақордада елбасынын құттықтауында болып қайттыңыз, содан алған әсеріңіз?
– Ақордадағы кездесуге 26 қыз-келіншектер шақырылған еді. Оның ішінде, әншілер, актрисалар, көп балалы аналар, еңбегі сіңген қайраткерлерде бар. Бұл жиыңға қатысу үшін жете тексерістен өтіп, алдын ала дайындалдық. Спорттық киімге үйреніп қалғандықтаң, костюм киген ыңғайлы болады дегенге қарамай, көйлек киіндер деген бұйырықты бұлжытпай орындадым. Биік өкшеден аяғым ауырсада шыдап жүруге тура келді. Құрметті президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қолын соза тұрып: "Бұндай кішкене әрі нәзік қыз, кез келген еркекті ұрып-соғатыңына сенудін өзі қиын" деп қалжыңдағаны есімде қалды. Соңда мен жымиып тұрып, 2009 – шы жылы, елбасымыздың Шаңырақ ауылындағы спортинтернатқа келіп өнерімізді тамашалаған сәті ойыма оралды. Соңдағы елбасымыздың ізгі ниеті, менің женісіме септігін тигізді деп ойлаймын.
– Бастан кешкен қызықты сәттеріңізбен бөліссеңіз?
– Шыны керек, көптеген адамдар мені ер баламен шатастырады. Тіпті әйелдер дәретханасына кіргізбеген сәттер де болды, жеке куәлігімді көрсетіп ақталған болатынмын – деп ибалы қыз Назым бір күліп алды.
Бір жылдары, әжетханада ұзағынан кезек болды. Біз, қыздармен бос тұрған ерлерге арналған дәретханаға кірген бойда, артымыздаң бір ұл кірді, оған қарап не істерімізді білмей кұліп жібердік, ол жігіт тұсінбей тұрып қалды.
– Алға қойған мүдденізбен біздің сайтқа деген лебізіңіз...
– Алдағы уақытта Рио-Де-Жанейро да өтетін Олимпиада ойындарында көк байрағымызды желбіретсем деген армандамын, және профессионалдық деңгейге көшсем деген ойым бар. Болашақта тренер болғым келеді.
Осындай сыйлық үшін Sportinfo.kz ұжымына үлкен алғысымды білдіргім келеді, мені үздік деп таңыған қолдаушылырыма көп рахмет. Оқырмаңдарыныз көп болсын, жұмыстарыңыз жемісті болсын, ал сол оқырмаңдарға спортпен шұғылданыңыздар дегім келеді.
Еламан ТУРЫСБЕКОВ
13.03.2015 1228 0 Добавить в личный кабинет
Автор: sportinfo.kz Рубрика: Бокс Категория: Казахстанские Тематика: Бокс
Теги: бокс, Назым Кызайбай, Жумабек Омурзаков, чемпион мира по боксу среди женщин, награда, лучшая спортсменка 2014
Вернуться к списку материалов
comments powered by Disqus
Материалы по теме
Чемпиона UFC разоблачили из-за снятия с боя...
Известный комментатор ММА Давид Кучашвили...