Дмитрий Огай: Менің жеңісім – команданың жемісі
– Дмитрий Алексеевич, сізді осы жеңісіңізбен құттықтаймыз. Бұл сіздің коллекцияңыздағы алғашқы олжаңыз емес деген сенімдемін, жалпы осындай мадақтауға қалай қарайсыз?
– Әрине, жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын, осының барлығы еңбектің арқасы. Айта кету керек, бұл тек менің ғана жеңісім емес, жалпы команданың жеңісі деп білемін. Ең алдымен топ жетекшілеріне, футболшыларға, команда қызметшілеріне, жанкүйерлерге алғысымды білдіргім келеді. Себебі олар болмағанда, осыңдай жетістікке қол жеткізуім екіталай болар еді. "Футбол – командалық ойын", соңдықтан бұл жеңіс барлығымыздың жеңісіміз. Менің жеңісім – команданың жемісі.
– 7-ші наурыз күні Премьер-лиганын жаңа маусымы басталмақ. Соған деген дайындық қалай жүріп жатыр?
– Біз күні кеше ғана Түркиядан елге оралған болатынбыз, команданың дайындығы өте қызу үстінде. Ойыншылар аянбай тер төгуде. Жеткілікті жаттыққан, жаттық-пағанымызды алдағы болатын ойындар көрсетеді.
– Былтырғы маусым "Қайсар" футбол клубына өте жемісті болды десек қателеспейміз. Биылғы жылы да жоғары нәтиже көрсетеді деп ойлайсыз ба?
– Әрине, иә. Жоғары нәтижені тек біз ғана емес өзгеде командалар көздейтіні айдан анық. Соңдықтан барымызды салып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. Былтырғы маусымдағы 5-ші орын біз үшін үлкен жетістік болды, биылда үздіктердің қатарынан көрінеміз деп сенемін.
– "Қайсар" клубына қандай командамен қарсыласқан қиын?
– Менің ойымша, барлығы да жақсы ойнайды. Мына команда осал, бұл команда жақсы,– деп айта алмаймын, әр қарсыласымызды сыйлауымыз керек.
– Алдағы Қазақстан Суперкубогына деген болжамыңыз?
– Болжам деген мен үшін жақсылық әкелмейді. Және ешкімге де қолдау көрсетпеймін. Қарқынды ойын болатынына күмәнім жоқ, себебі еліміздің өте мықты командалары күш сынаспақ. Кездесудің қызықты өтетініне сенімдімін.
– Биылғы маусымда бірінші орынға деген басты үміткер командаларды белгілеп кетсеңіз?
– Былтырғы үздіктер мен үшін биылда басты үміткерлер болып саналады. Себебі "Астана", "Қайрат", "Ақтөбе" сыңды командалар көп жылдар бойы көш бастап келеді. Әрине, өзгеде командаларды көріп қалу ғажап емес, бұл ойын ғой, тар-тысты бәсекеде бәрі де мүмкін.
– Командаңызда қандай өзгерістер орын алды?
– Өкінішке орай, көп нәрсе өзгерді, ойыншылар алмасты, құраманың 70 пайызы ауысты десек қателеспеймін. Бұл, әрине жаман, өйткені бірден түсініп, ойынның жүріп кетуі қиынға соғады.
– Жалпы клубтың алға қойған мақсаты мен міндеті кандай?
– Болашақта, Қазақстанның үздік үштігіне кірсек деген ойымыз бар. Біртіндеп, дамып келеміз деген ойдамын, әрине бірден көтерілу оңай емес, оған бір себеп, біздің Премьер-лигаға былтыр ғана алмасуымыз. Бізге тұрақтандырылу үшін әлі көп уақыт керек, ең алдымен инфрақұрылымды дамытып жасөспірімдердің футболын дамыту. Бұл біздің басты мақсатымыз.
– Біздің оқырмандарға деген лебізіңіз?
– Ең алдымен, Sportinfo.kz ұжымына үлкен алғыс айтқым келеді. Осыңдай шаралар ұйымдастырып, сыйлықтар табыстау, футболдың дамуына ықпалын тигізетіндігіне сенімдімін. Сіздерге алдағы жұмыстарыңызға табыс, оқырмандарыңыз көп болсын деп тілеймін! Ал, Қазақстанның футболында жанкүйерлер саны азаймасын.
Еламан ТУРЫСБЕКОВ
01.03.2015 721 0 Добавить в личный кабинет
Автор: sportinfo.kz Рубрика: Премьер-лига Категория: Казахстанские Тематика: Футбол
Теги: футбол, Дмитрий Огай, Қайсар ФК, үздік бапкер-2014, бас бапкер, сыйлық, Премьер-лига
Вернуться к списку материалов
comments powered by Disqus
Материалы по теме
10 лет Sportinfo.kz: Fair Play и в спорте, и в...
Популярность Sportinfo.kz начала расти....