Байланысшылардың мерейтойлық жеңістері
Қазанның алғашқы күндері Алматыда "Қазақтелеком" АҚ жазғы көпсайыс бойынша XII Республикалық спартакиада өткізді. Онда компанияның жүз шақты қызметкері – аудандық және облыстық іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары қатысты. Спартакиада "Қазақтелеком" АҚ 20 жылдығы құрметіне, сонымен қатар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Дені сау ұлт – қуатты мемлекет"Жолдауын іске асыру мақсатында өткізілді.
Республикалық қорытынды кезеңге өңірлік жарыстар қорытындысы бойынша осы құрметке ие болған 23 команда келді. Оңтүстік астанада спортшылар атудан, алыс және жақын қашықтыққа жүгіруден, граната лақтырудан, күш сынасу гимнастикасынан және жүзуден жарысып, біріншілік үшін күресті жалғастырды. Жалпы жеңіс үшін спорттың алты түрі бойынша ең жоғары ұпай жинау қажет болды. Ұйымдастырушылар тек жеңімпаздарға ғана емес, басқа да "Жеңіске деген жігері", "Спорттық рухы үшін", "Көрермендер көзайымы" номинациялары бойынша да марапаттар дайындады. Бағалы сыйлықтар мен сыйлар әділ жекпе жекте күресуге тұратындай болды, ал чемпиондарды күткен мерейлі олжасыйдың орны бір бөлек.
Сонымен, жалпы командалық есепте Солтүстік Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Шығыс Қазақстан спортшылары алса, үшінші орын Павлодар ОТД үлесіне тиді. Ерлер біріншілігі бойынша ең озық шыққан, тәжірибелі қатысушы Солтүстік Қазақстан ОТД қызметкері Алексей Музыкантов, әйелдер арасында Павлодар ОТД қызметкері Галина Дмитриева болды.
Спартакиада финалына қатысушылар алдында "Қазақтелеком" АҚ Спорт кеңесі төрағасының орынбасары Алмасбек Әбдірахманов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу компания саясатының салауатты өмірді насихаттаудағы маңызды бөлігі болып табылатынын атап айтты. "Көпшілік ат салысатын спортты біз заманауи Қазақстанның табысты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі шарттарының бірі ретінде қарастырамыз", – деді сөзін қорытындылаған ол.
Ал жарыстар және марапаттау рәсімінің соңында генералдың дауысында әкелік мерей мен спортшылар үшін мақтаныш сезілді: "Әрқайсыңыз өз орындарыңызда адал қызмет етесіздер, сонымен қатар спортпен айналысасыздар. Ең бастысы – болашаққа сеніммен қарау. Әрқашан күліп, жарқын жүріңіздер!", – деді ол.
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Алмасбек Әбдірахманов былай деді:
– Спортшылардың шеберлігі жыл сайын өсіп келе жатыр. Бұған себеп, іріктеу жүйесі: жарыстар басында аудандық деңгейде, содан соң облыстық және соңында ең үздіктері республикалық спартакиадаға жолдама алады. Біздің мақсатымыз көпшілік деңгейге қол жеткізу. "Қазақтелеком" АҚ қызметкерлерінің көбі жастар. Бүгінде олардың жұмысы жаңа технологиялармен, компьютерлермен, яғни қозғалыс шектелген өмір қалпымен байланысты, сондықтан бос уақыттарында оларға қимылдау және дене шынықтыру жаттығулары өте қажет. Біздің қызметкерлерді ешкім мәжбүрлемейді – олар өз еріктерімен дене шынықтырумен және спортпен құштарлана айналысады, өйткені мұның қаншалықты маңызды екені оларға белгілі. Ал, компания басшылығы, өз тарапынан, бұл үшін жағдайлар жасауда. Барлық өңірлік филиалдарда тренажерлық залдар бар, қалаған қызметкерлерге бассейнге қатынау абонементтері толығымен төленеді. "Қазақтелеком" АҚ көптеген бөлімшелері спорт залдарын, футбол және волейбол алаңдарын, аэробика жаттығуларына арналған залдарды жалдайды. Мысалы, "Алматытелеком" ҚТО және Оңтүстік Қазақстан облыстық дирекциялары өз қаражаттарына футбол алаңын салды, онда қызметкерлердің балаларымен тегін жаттығып, ойнау мүмкіндіктері бар. Орталық аппаратта йога секциясы, теннис алаңы жұмыс істейді. Егер жалпы алатын болсақ, қызметкерлердің үштен бірі спортпен айналысады. Айтпақшы, былтыр "Қазақтелеком" АҚ тарихында алғашқы рет қысқы спартакиада өткізілді. Негізі біздің компанияның басшылығы үшін қызметкерлердің денсаулығы – өте маңызды фактор.
24.10.2014 1187 0 Добавить в личный кабинет
Автор: sportinfo.kz Рубрика: Здоровый образ жизни Категория: Казахстанские Тематика: Другие
Теги: АО Казахтелеком, Дирекция корпоративных продаж, спартакиада, здоровье, спорт, Денсаулык, корпоративный дух
Вернуться к списку материалов
comments powered by Disqus
Материалы по теме
Казахстанские дзюдоисты приступили к подготовке к...
В Астане стартовали учебно-тренировочные сборы...