Біз Сәнияға сенеміз!
![]() |
Мылқаулардың Олимпиадалық ойындарында ел тарихында тұңғыш рет таэквондодан Қазақстан өкілдері қатысады. 29 жасар таэквондошы Сәния Досымханованың 26-шілдеден 4 тамызға дейін София қаласында өтетін ХХІІ жазғы Дефлимпия ойындарына қатысуына қажетті қаражатты ENRC құрамына енетін ірі кәсіпорын бөліп отыр.
Сәния Досымханова туғаннан естимейтін үшінші топ мүгедегі, тұл жетім. Қыздың жұмыс істейтін жағдайы жоқ, бар табысы мүгедектік үшін алатын жәрдемақысы. Спорт зал Сәния үшін өмірінің тнысына айналған.
– Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында спортпен шұғылдануды қалайтын талантты жанып тұрғандар өте көп, – дейді Сәнияның бапкері, таэквондодан сурдо-параолимпи
Сәния төрт жылдан бері таэквондомен кәсіби деңгейде айналысып келеді.Жеке бапкері Талғат Нұрбаевтың арқасында жетістікке жете бастады. Бойжеткеніміздің жүлделер қорында: республикалық додалар, қалалық турнирлер мен Сеулде өткен кереңдердің жазғы азия ойындарындағы құрметке лайық қола жүлде. Кореяға баратын қаражатты құрам болып тиындап жинады. Соған қарамастан Болгарияда өтетін Дефлимпиляық ойындарға қатысу қол жеткізбес арманға айна бастағандай еді. Көмек сұраған хаттардың барлығына теріс жауап келіп жатты, тек бұл тарапта «Қазақстан алюминийі» АҚ президенті Алмаз Ибрагимов қана ерекшелене білді.
– Мен толыққанды өмір сүріп жатқандығымен қоймай спортпен шұғылданатын, жетістікке жетіп, жарыстарда көзге түсіп жүрген мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен құрметпен қараймын, – деп атап өтті Алмаз Ибрагимов. – Мен бұл адамдардың күш-жігеріне қайраң қаламын. Сондықтан олардың жеңіске деген жолдары жеңіл және алға жетелейтіндей болуы үшін біз барынша қолдау жасауымыз керек. Біз Сәния үшін жанкүйерлік жасап, арманына қол жеткізсін деп тілейтін боламыз.
Бір айта кетерлігі ENRC және құрамына енетін «Қазақстан алюминийі» АҚ жас мамандарға бірінші рет қолдау көрсетіп отрған жоқ. олимпиадалық резерв дайындайтын балалар мен жасөспірімідерге арналған мамандандырылған мектепке, сонымен қатар ірі спорттық жарыстар мен турнирлерге қолдау көрсетіп келеді. Талантты балалардың шет елдерде бағын сынап қайтуына материалдық көмек береді.
17.07.2013



Автор: sportinfo.kz Рубрика: Олимпиада
Теги: Қазақстан, Павлодар, София, Олимпиада, таэквондо
Вернуться к списку материалов
comments powered by Disqus
Материалы по теме
Александр Овечкин – лучший снайпер в истории...
История свершилась в ночь на 5 апреля 2025 года...
Первая победа Дениса Евсеева в Мурсии (Испания)
В испанском городке Мурсия проходит теннисный...